Қызылордада Қазақстанның тұңғыш прокурорын еске алуға арналған турнир өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының прокуратурасы республиканың бірінші прокуроры Сүлеймен Есқараевтың туғанына 115 жыл толуына орай өңірдегі прокуратура қызметкерлерінің арасында шағын футболдан турнир өткізетін болды.
None
None

Бұл туралы аймақ прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

9 мамырда өтетін турнир Жеңіс күніне де арналады. Жарыстың мақсаты облыстық прокуратура органдарында дене шынықтыру, спортты жетілдіру, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Турнирге «Арлан», «Қалқан», «Барыс», «Бәйтерек», «Тұлпар», «Қыран», «Реал», «Әділет» атты командалар қатысады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық прокуратураның дипломдарымен, кубоктармен, ал үздік ойыншылар сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар