Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» атты облыстық көрме-конкурс өтіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылорда қаласында «Қазақстанның үздік тауары» атты облыстық көрме ашылды.
None
None

Бұл шарамен қоса мұнда сондай-ақ «2010 жылы Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытудағы жетістіктері үшін» атты көрме де сөреден шықты.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ынталандыру, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатын тиімді іске асыру мақсатында өткізіліп жатқан көрмелерге облыс әкімдігі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастамашы болды. Көрме-конкурс барысында қатысушы кәсіпорындар өздерінің өнімдері, тауарлары мен қызмет түрлері негізінде арнайы көрме ұйымдастырды. Аталған іс-шараға облыс және басқармалар басшылары, кәсіпкерлер мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің, екінші деңгейлі банк филиалдары мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар