09:18, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының қорытындысы шықты
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы аяқталып, өзінің жеңімпаздарының есімдерін атады. Конкурсқа 48 кәсіпорын қатысты.
Нәтижесінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Сұлтан Сүйрік» ЖШС, «Үздік азық-түлік тауарлары» атауы бойынша «Рза» АҚ бірінші орындарды жеңіп алды. Көрме соңынан жүлдегерлерге тиісті дипломдары табыс етілді.