Қызылордада Кеден одағының тиімділігі туралы семинар болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Нұр Отан» ХДП филиалының ұйымдастыруымен Кеден одағының тиімділігін насихаттау бағытында семинар болып өтті. Оған облыстық кедендік бақылау департаментінің, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары, сонымен қатар кәсіпкерлер мен студент жастар қатысты.
None
None

Семинарда кеден департаментінің бөлім бастықтары Ардақ Қарлыханов, Азамат Абдулов Кеден одағы,Кеден кодексінің ерекшеліктері жайлы әңгімелеп, одаққа мүше елдер арасындағы кедендік ресімдеу шаралары туралы баяндап берді.

Соңғы жаңалықтар