Қызылордада комбайн шығарудың мүмкіндігі қарастырылып жатыр

Бұған аймақтың географиялық орналасуы да қолайлы, теміржол арқылы жабдықтарды жеткізуге өте ыңғайлы. Сондай-ақ қазіргі салынып жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық жолының тигізер әсері де мол болмақ. Облыстан дайын техникаларды еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлеріне жіберу де өз тиімділігін береді. Осы орайда бүгінде жұмыс жасап жатқан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы да көмекке келеді. Бұл бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер техникаларды жеңілдетілген несиемен лизинг арқылы ала алады. Агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру саясаты өнімді өндіруді арттыруға жол ашады.
Бүгінгі күндері облыстың күріш алқаптарында Италия, Германия, Америка және Ресейден әкелінген 800-дей комбайн жұмыс істеуде. Осы техникалық парктер әр он жыл сайын жаңаланып тұруы қажет. Сондықтан да ауыл шаруашылығы техникалары жылда сатып алынады.