Қызылордада көпқабатты ипотекалық тұрғын үй пайдалануға берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы жаңадан бой көтерген «Астана» шағын ауданында көпқабатты ипотекалық тұрғын үй пайдалануға берілді.
None
None

Салтанатты шараға қала әкімі Мархабат Жайымбетов қатысып, жаңа қоныс иелеріне пәтерлер кілттерін тапсырды.

Пайдалануға беріліп отырған 50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің сметалық құны 268,2 млн. теңге тұрады. Үйдің жалпы көлемі - 4315,61 шаршы метрді құрайды, ондағы пәтер ауданы 3405,49 шаршы метрді алады. Құрылыс ныса­нын «Қы­зылорда Жоба Құрылыс» ЖШС жобалаған болса, бас мердігер ретінде құрылысын «Аман Құрылыс» ЖШС жүргізген.

Жаңа қонысқа негізінен мем­лекеттік, әскери қызметкерлер және мұнай компаниясының өкілдері мен құқық қорғау қыз­меткерлері ие болды. Қоныстанушылар атынан сөз алған «ҚазГерМұнай» компаниясының қызметкері Шоқан Ысқақов осындай игілікке бастамашы болып, қуаныш сый­лаған азаматтарға алғысын біл­дірді.

Жалпы, жыл басынан бері Қызылорда қаласында 5 жалдық, 1 ипо­текалық үй, барлығы 200 пәтер тұрғындар игілігіне берілді. Ал 2012 жылы 6 жалдық, 2 ипотекалық үй пай­далануға беріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар