Қызылордада «Көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірдегі көрнекі ақпараттардың қазіргі жайына талдау жасаған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Мейрамбек Шермағанбет мемлекеттік тілдің қолданылуы мен насихатталуы, оның өз дәрежесіне лайық мәртебеге ие болуы барысындағы өзекті мәселелер жөнінде кеңінен айтып берді. Сондай-ақ ол шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің маңдайша жазулары мен көрнекі ақпараттарына жүргізген тексеру қорытындысын да талдады.
Сонымен қатар, семинарда қала әкімінің орынбасары Абзал Мухимов, облыс прокурорының аға көмекшісі Сая Темірбекова және басқалар тіл туралы заң талаптарын сақтау мен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және қолданыс аясын кеңейту тұрғысындағы өздерін толғандырған жәйттерді көпшілік назарына ұсынды.