Қызылордада қуаты 50 мВт болатын күн электр стансасы салынады

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылордада қуаты 50 мВт болатын күн электр стансасы салынады. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлады.
None
None

Станса құрылысы биыл Жаңақорған ауданының маңынан жүргізілетін болады. Осы жобаны жүзеге асыруға шетелден білікті мамандар тартылады. Басқарма бастығы Ардагер Ақжігітовтің айтуынша, Арал ауданындағы Мойнақ ауылында электр энергиясын алуға күн сәулесі батареясы қойылған. Ілкі жобаны Біріккен Араб Әмірліктерінің әлемдік экономикалық қоры қаржыландырды.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, 10 шаруа қожалығы күн тақталарымен толық қамтамасыз етілмек. Алда қосымша баламалы қуатқа қосудың мүмкіндігі бар Сыр өңіріндегі басқа да аймақтар жобада қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар