Қызылордада «Құқық тәртібі» акциясы барысында 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында тамыздың 24-інен бері өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел шарасы барысында қазірге дейін 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
None
None

Осы аралықта 19 қылмыс дерегі мәлім болып, олардың 17-сі ашылды. Сонымен қатар 4 есірткі қылмысы анықталды. Жауапқа тартылғандар арасында 19 адам қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтаған болып шықты. Сондай-ақ 112 шетелдік визалық тәртіпті бұзғандары үшін жазаланды.

Соңғы жаңалықтар