Қызылордада «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» мемлекеттік бағдарламаларына қызығушылық артып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың шілде айынан бастап жылқы шаруашылығын дамытуға «Құлан», қой шаруашылығын дамытуға «Алтын асық» және отбасылық сүтті тауарлы мал шаруашылығын дамытуға «Ырыс» бағдарламалары ұсынылып отыр. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бұл бағдарламалардың ерекшелігі мал басын көбейту және асылдандырудан бөлек, жайылымдарды сумен қамтамасыз ету мен инфрақұрылымын жақсартуды көздейді. Несиелендіру шарттары «Сыбаға» бағдарламасындай болса, жайылымдықтарды суландыру үшін несие арқылы салынған инфрақұрылымға кеткен шығынның тең жартысы мемлекет тарапынан субсидия арқылы қайтарылады.

Бүгінгі күнге қой шаруашылығын дамытуға арналған «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалық 16,7 млн. теңгеге құжат дайындаса, жылқы шаруашылығын дамытуға байланысты «Құлан» бағдарламасы бойынша 8 шаруа қожалығы 52,6 млн. теңгеге құжат дайындады. Одан 1 шаруа қожалығы 5,5 млн. теңге несие алып, 16 бас жылқы сатып алды.

Соңғы жаңалықтар