Қызылордада «Құтты қадам» атты қайырымдылық акциясы өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада кеше «Құтты қадам» атты қайырымдылық акциясы болды.
None
None

Ол қалалық сәбилер үйінде ұйымдастырылды. Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырған бұл шараның мақсаты мемлекеттік отбасы саясаты аясында бала тәрбиелеудегі әкелер орны мен рөлін айқындау, ұлттық дәстүрлер мен халықтың менталитетін ескере отырып, ұрпақтар сабақтастығын дамыту болды. Шара барысында сәбилер үйіндегі бір топ бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

Тұсау кесу рәсімін облыстың әр саласында басшылық қызмет атқарып жүрген, елге танымал ер азаматтар, өнегелі отбасыларының әкелері өткізді. Сонымен қатар облыстың өркендеуіне елеулі үлес қосқан, Кеңес үкіметінің кезінде облыстың басшылығында қызмет атқарған, Ұлы Отан соғысының ардагері 90 жастағы ақсақал Бөрібай Күлманов ағынан жарылып сәбилерге ақ тілегін айтты, аталық батасын берді. Тұсау кесу рәсімінің кәдесі жасалып, сәбилерге киім-кешек, ойыншықтар, тәтті мен жеміс-жидек сыйға тартылды.

Соңғы жаңалықтар