12:33, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Қызылордада мектеп жасындағы балаларды қолдау акциясы өткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада жылдағы дәстүрге сай жаңа оқу жылы қарсаңында Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы басталды.

Биыл бұл шара 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтиды. Акцияның мақсаты - аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу шаралары қарастырылады.