13:29, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Қызылордада мемлекеттік тілге байланысты конкурстың қорытындысы шығарылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған "Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары" атты байқау мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Конкурсқа мемлекеттік тілдің еліміздің қоғамдың өмірінде қызмет ету аясын кеңейту және мәртебесін нығайту мәселелерін, оның қазіргі ахуалы туралы өткір әрі өзекті материалдарды жариялаған бұқаралық ақпарат құралдары мен жекелеген қаламгерлер қатысты. Қорытындыда үш аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. "Үздік басылым" номинациясы бойынша облыстық "Сыр бойы" газеті мен "Ақмешіт апталығы" газеті жеңімпаздар деп танылды.