Қызылордада мемлекеттік үш қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордада қаржы полициясы мемлекеттік үш қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғады.
None
None

Бұл туралы облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бұл жолы психоневрологиялық интернаттың директоры Е.Тұрсынбайға, әлеуметтік бағдарламалар және еңбекпен қамту облыстық басқармасының бастығы Ж.Жылқышиеваға және экономика және бюджеттік жоспарлау облыстық басқармасының бастығы Б.Шәменоваға түсіп отыр.

Атап айтқанда, биылғы жылдың 16 қаңтары күні Е.Тұрсынбай жеке кәсіпкер Д.Палмахановпен тоннасы 11 999 теңге тұратын 250 тонна көмірді жалпы сомасы 3 млн. теңгеге сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қояды. Е.Тұрсынбай келісімшартты бір тонна көмірдің сол кездегі нарықтық бағасы 8 463 теңге екендігін біле тұра жасасты деген күдік келтірілуде. Осы арқылы ол ел бюджетіне 884,3 мың теңге шығын келтірді.  

Өз кезегінде Ж.Жылқышиева сатып алынатын көмірдің бағасын бекітіп беріп, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа жауапсыз қараған. Ал Б.Шәменова келісілген бағаның нарықтың құнымен қаншалықты сәйкес келетінін жете зерттемей, өзінің қызметтік міндетін жауапсыз атқарған.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпараттар тергеудің мүддесі үшін жарияланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар