Қызылордада мұғалімдер күніне арналған жиын болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
None
None

Оған облыс әкімі Болатбек Қуандықов қатысып, аймақ мұғалімдерін төл мерекелерімен құттықтады. Облыстің білім басқармасының бастығы Жаңыл Жонтаева сала мамандарының кәсіби мерекесіне орай баяндама жасады. Аймақ педагогтары биылғы мерекеге жақсы табыстармен келді. Білім саласындағы бүгінгі таңдағы басты көрсеткіштердің бірі - бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша осы жазда облыс мектептерінің түлектері алдыңғы қатарлардан көрінді.

Жиын соңынан озат мұғалімдерге сый-сияпаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар