Қызылордада «Мұстафа Шоқай» спек­таклінің тұсаукесер қойылымы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпаннның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Өткен сәрсенбі күні Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театр­ын­да «Мұстафа Шоқай» спек­таклінің тұсаукесер қойылымы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қойылым бала Мұстафаның қазақ жеріне көз алартқан орыс патшасының озбырлығына қарсылығын танытатын көріністен басталды. Елінің есесін түген­деуге ұмтылған тұлғаның бала шағын бейнелейтін осы бір сәттен-ақ оның басынан кешкен қилы оқиғалар көрермен көз алдынан сырғып өте берді.

Жалпы, Мұстафадай тұлғаны толық танытуға арналған тұңғыш спектакль сәтті өтті. Драматург Рахымжан Отарбайдың туындысын сахналаған режиссер Хұсейн Әмір-Темір қойылым арқылы ұлт тәуел­сіздігінің бастауында тұрған тұлға тұрпатын жан-жақты көрсетті. Арман-мақсаты бүгінмен өзектесіп жатқан қайраткер бейнесін әртіс Бақытбек Темірбеков сомдаса, Мария Шоқай рөлінде Қарлығаш Айтжанова ойнады. Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лау­реаты атанған қос әртістен бөлек алғашқы қойылымдағы табысты рөлдер қатарында Жұмабай Шерниязов ойнаған Әмірені де атап өтуге болады.

Қойылым соңында әртістермен бірге сахнаға көтерілген драматург Рахымжан Отарбай, режиссер Хұсейн Әмір-Темірге көрермен ықыласы ретінде гүл шоқтары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар