Қызылордада Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары темекіге қарсы акция өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Халықаралық темекіден арылу күнін қолдап, бірнеше іс-шара ұйымдастырды.
None
None

Таңертеңгі мектеп жиындардың бірі бұл жолы барлық жастарды темекіге қарсы күресуге шақыруға арналды. Арнайы мамандар 7 - 12 сынып оқушыларына шылым шегудің зияны мен оның алдын алу шаралары жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес жыл сайын теріс әрекеттерді ұстанатын 6 миллионға жуық адам көз жұмады. Біздің мақсатымыз -қоғамды осы мәселеге көз аудартып, темекіден арылуға шақыру», - деп түсіндіріп өтті мектептің дәрігер-педиатры Жанат Нәренова. Сонан соң салауатты өмір салтын ұстанушылар дәстүрлі флешмобқа жиылды. «Біз темекіге қарсымыз!» деп ұрандатқан 700- ден астам оқушы және 50-ге жуық мектеп қызметкері би серпіні арқылы көпшілікті темегіден бас тартуға шақырды. «Темекінің еш пайдасы жоқ. Тек қаражаттың бос жұмсалуы бұл. Сонымен қатар денсаулыққа әкелер зияны да аса көп», - деген акцияға қатысушы Мақсат Әскербек барлық жастарды спортмен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеді.

Соңғы жаңалықтар