Қызылордада «Нұр Отан» ХДП азық-түлік бағасын бақылауды қолға алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Нұр Отан» ХДП азық-түлік бағасын бақылауды қолға алып отыр. Партияның облыстағы филиалы қазірге дейін осы мәселені қараған бірнеше жиын өткізіп үлгерді. Бұл жиындарға азық-түлік өнімдеріне ықпал жасай алатын және оны бақылауға құзыреттері бар салалар басшылары мен мамандары қатысты.
None
None

Басқосуларда филиал төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков көтеріліп отырған мәселенің маңызына кеңінен тоқталып өтіп, оған тек өнім өндірушілер ғана емес, сонымен қатар халықтың жағдайына алаңдайтын саяси партиялар да өз үлестерін қосулары керек екенін назар аударды.

Бүгінде облыс аумағына бағасы 26,5 мың теңгеден әкелініп жатқан ұнды наубайханалар мен аудандарға жеткізіп беруге «Аль-Асад» және «Шапағат-сүт» ЖШС оператор болып белгіленген. Осы күндері қант бағсын тұрақтандыру бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар облыста ет және өсімдік майын өндіретін өндіріс орындарын ашудың жайы қарастырылуда. Аймаққа қазір 60 түрлі азық-түлік өнімдерін жеткізіп берумен 171 кәсіпорын айналысып отыр. «Нұр Отан» партиясы олардағы бағаның жоғары болып кетуін қатаң бақылауға алады. Жиындар осындай тұжырымға келді.

Соңғы жаңалықтар