09:40, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Қызылордада өртте ер адам көз жұмды
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 1 наурыз күні, түнгі сағат 4 шамасында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентінде 2 қабатты көппәтерлі үйдің жоғары қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тілсіз жау бір сағаттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерде 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды.