19:47, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қызылордада Президент шыршасының шамы жағылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылорда қаласындағы № 264 мектеп-лицейде Президент шыршасы жағылды. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. «Тәуелсіздік - алтын бесік» тақырыбында өткен салтанатты шараға 9-13 жас аралығындағы оқу озаттары арасынан жетім, ата-ана қамқорлығынан қағас қалған, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балалар қатысты.
Шыршаның барысында облыс әкімі Болатбек Қуандықов сиқырлы таяқшаның көмегімен шырша шырағын маздатты. Осыдан соң балдырғандар Елбасының интерактивті құттықтауына ден қойды. Бұдан кейін балаларға сыйлық тарату рәсімі болды. Ал шара негізінен театрландырылған көрініс арқылы өрбіп отырды. Ол сегіз бөлімнен құралды.
Думанның соңында мерекелік дастархан жайылып, үлкен концерт қойылды.