11:31, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Қызылордада рек-рим күресінен Т.Жүргеновті еске түсіруге арналған турнир болып өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған грек-рим күресінен 1995-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Оған Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан 8 команда, 120 спортшы қатысты. Жарыс сегіз салмақта өткізілді.
Бірінші рет ұйымдастырылған турнир тартысты өтті. Бірқатар жарыс қонақтары естелік медальдарымен марапатталды. Бұл бәсекеде Қызылорда облысының спортшылары 21 жүлдені иеленді. Оның ішінде 8 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль бар.