Қызылордада С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектері қауымдастығының облыстық конференциясы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Академик Камал Ормантаев өз лебізін білдіріп, денсаулық саласындағы кейбір мәселелерге тоқталды. Биыл Қазақстан дәрігерлерінің қара шаңырағы саналатын С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрылғанына 80 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында оқу орнынан 60 мыңға жуық түлек ұшып шықса, бүгінде 11 мыңға жуық студент білім алуда. Атаулы күнге байланысты оқу орны ұжымы ҚазҰМУ түлектерінің қауымдастығын құрып, оған әр жылдары университеттен білім алып шыққан бітірушілерді тартуда. Біздің өңірде оқу орнының 600-ге жуық түлегі бар екен.
Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мадияр Алдоңғаров дәрігерлер қауымын, аталған оқу орны ұжымын мерейлі мерекелерімен құттықтап, Ұлттық медицина университетінің қазақ тарихындағы және денсаулық сақтау саласындағы рөлін атап өтті.