Қызылордада сауда-логистикалық орталық ашылды
Облыс әкімінің 2011 жылғы 12 қыркүйегіндегі №88 өкімімен «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының кейбір мәселелері туралы» комиссия құрамы бекітіліп, комиссияның бірінші отырысы шешімімен «Азық-Түлік келісімшарт» АҚ арқылы берілген 751,0 млн. теңге несиеге қорға қажетті 7 түрлі өнімдердің облыс халқының 4 айға қажеттілігінің 20 пайызы көлемі мен сатып алу бағасы белгіленген болатын.
Бұл өнімдердің көлемі 2011 жылдың 5 қарашасындағы комиссия отырысының шешімімен қайта бекітіліп, онда сатып алатын тізілімнен күрішті алып тастау және пияздың көлемін 1200 тоннаға дейін көбейтуге өзгерістер енгізілді.
«Қызылорда» ӘКК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-нің жанынан құрылған азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорын қалыптастыруда картоп, көкөніс өнімдерін сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруда.
Қазіргі таңда Жамбыл облысынан 867 тонна пиязды жеткізу шығынымен келісін 48 теңгеден қорға сатып алынды. Бұл көлем толығымен облысқа жеткізілді. Қалған пияздың 333 тоннасы 2012 жылдың сәуір айына дейінгі мерзімде сақтау негізінде сатып алу келісім-шарты жасалатын болады. 2000 тонна картоп Павлодар облысынан тауарлы биржа арқылы келісі 49 теңгеден сатып алынды. Бұл көлемді 2012 жылдың наурыз айына дейінгі сақтау мерзімімен алынып, бүгінгі күнге 475.0 тоннасы жеткізіліп, қалған көлемі белгіленген кесте бойынша тасымалдануда. Сәбіздің әзірге 400 тоннасы тауар өндірушіден тікелей сатып алу әдісімен келісін жеткізу шығынымен 48 теңгені құрады, қазіргі таңда 45 тонна келді.
Бұл өнімдер «Алтын қамба» агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС-нің базасындағы жалпы сыйымдылығы 3250 тонналық жаңадан салынған сақтау қоймасында сақталуда.
Жобаның негізгі мақсаты «Алтын қамба» АӨК» ЖШС-нің базасында көкөніс өнімдерін сақтау және өткізумен айналысатын, жаңа қондырғылармен жабдықталған және озық технологиялармен қамтамасыз етілген қоймасы бар сауда-логистикалық орталығын ұйымдастыру болып табылады.
Сонымен қатар, Өскемен қаласынан өндірілген 400 тонна өсімдік майының литрін 228 теңгеден тауарлы биржа арқылы қорға сатып алынды. 124 тонна қарақұмық жармасы Өскемен қаласының «Крупы Востока» ЖШС өндірушісінен 185 теңгеден тікелей сатып алынды. Ал қантты 685 тонна көлемде Алматы қаласының «Азия сахар» АҚ-нан сатып алу жөнінде келісім-шарт жасалып, қол қойылды. Сатып алынған өнімдер белгіленген кесте бойынша облысқа тасымалданатын болады.
Негізінен картоп, көкөніс өнімдері маусымдық өнімдер болғандықтан, олардың бағасы қыс-көктем айларында біршама қымбаттауына болжамның туындауынан оларды осы мезгілде өткізу ұйымдастырылады. Осы мезгілдегі нарықтағы бағаға мониторинг жасалып, бағаны тұрақтандыру мақсатында қордың өнімдері арзан бағада халыққа ұсынылатын болады.
Қазіргі уақытта аталған өнімдерді белгіленген бағада өткізу жөнінде аудан (қала) әкімдіктері ұсынған кәсіпкерлермен келісім-шарт жасау жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында және аудандарда сауда желілері бар ірі «Аль-Асад» ЖШС-нің сауда үйлерімен де тұрақтандыру қорының өнімдерін белгіленген бағада өткізу жөнінде келісім жасалып, алғашқы картоп өнімдері сатуға шығарылды.
«Қызылорда» ӘКК» АҚ-ның жанынан Қызылорда қаласының әр шағын ауданында ашылатын құрастырмалы типтегі 10 сауда дүкенінің 3-нің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл сауда дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарықтық бағадан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда. Тұрақтандыру қорының өнімдерін осы дүкендерде олардың сату бағасын комиссия шешімімен халыққа арзан бағада ұсыну жүзеге асырылу басталды.
Сонымен бірге, 2012 жылға республикалық бюджеттен облысқа Азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 751,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 6618 тонна өнім сатып алу жоспарланып отыр.
Тұрақтандыру қорын құру арқылы өңірде азық-түлік тауарларының желтоқсан айынан бастап наурыз айлары кезеңіндегі орташа республикалық бағасының қыркүйек-қараша айлары кезеңіндегі бағамен салыстырғандағы өсімінің 20 пайыздан аспауын қамтамасыз етіп, маусымаралық кезеңдегі баға ауытқуларына тосқауыл қойылатын болады, яғни Қызылорда халқы азық-түлік тауарларын төмен бағамен сатып алады.