Қызылордада сайлауға қатысты жиналыс болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына байланысты  жиналыс болып өтті.
None
None

Жиынға республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Құттықожа Ыдырысов қатысып, көпшілікті «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ұлттық іс-қимыл жоспарымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Ол сондай-ақ халықтық партияның осы кезеңге дейінгі атқарған жұмыстары жайлы жан-жақты баяндап өтті.

- Тәуелсіздіктің жетістігі бізге бірден келген жоқ,- деді ол. - Халқымыз бүгінгі күнге жеткенше қаншама қиындықтарды бастан кешті. Жиырма жылдың ішінде еліміз дамудың түрлі сатыларынан өтті. Соңғы бес жылдың көлемінде ғана ішкі өнім өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өсіп, ана мен балаға жасалатын қамқорлық ұл­ғайды. Мектептер мен балабақшалар, ау­руханалар мен емханалар, өзге де қызметтік мекемелер саны артты.

Бұдан әрі баяндамашы нұротандық­тар­дың өткен сайлауда берген уәде үдесінен толық табылғанын баяндады. Алда тұрған басты мақсат елді әлеуеті жоғары мемлекеттер қатарына ұмтылдыру болып табылады. Ең бастысы, 2017 жылға дейін ана мен балаға деген қамқорлық күшейтіліп, бүлдіршін­дердің 80 пайызы мектепке дейінгі мекеме­мен қамтамасыз етілмек. Таяудағы бес жылда салынатын 350 денсаулық сақтау мекемелерінің дені ауылдардан бой көтереді.

Кездесуде сөз алған кент тұрғындары Қ.Мырзахметов, А.Тұрғанбаев, «Батыр Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рая Бәкірова, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Асылбек Тоғызбаев елде азық-түлік қорын құру, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын жанданды­ру, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде ой тарқатты.

Соңғы жаңалықтар