Қызылордада сот орындаушысы 20 мың теңге пара алып жатқан сәтінде ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық қаржы полицейлері пара алып жатқан жерінде сот орындаушысын құрықтады. Бұл туралы облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қызылорда қаласының жеке және заңды тұлғалардан өндіру бойынша аумақтық бөлімі филиалының қызметкері борышкерден 20 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

«Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызмет бабын асыра пайдаланған оған қатысты қылмыстық іс қозғап, сот орындаушысын қамауға алды. Қазіргі күні тергеу амалдары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар