12:03, 07 Мамыр 2011 | GMT +5
Қызылордада «Студенттер көктемі» мерекесі мәреге жетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Сыр кәсіпкерлері» Қызылорда кәсіпкерлерінің аймақтық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Студенттік көктем - 2011» дәстүрлі фестивалі болып өтті.

Фестиваль бағдарламасы жылдан жылға әртүрлі байқаулармен толығып, талантты жастардың талабын шыңдап келеді. Байқауға 12 оқу орны қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Онда қатысушылар халықтық би, патриоттық әндер, жас суретшілер, үздік бейнероликтер, театрландырылған қойылымдар және ақындар мүшәйрасынан байқауға түсті. Сонымен қатар қала әкімінің кубогы үшін КТК ойындары да ұйымдастырылды.
Кеш соңында жеңімпаздар анықталды. Фестивальға қатысқан барлық оқу орындарына қала әкімінің бағалы сыйлықтары табысталып, Алғыс хаттарымен марапатталды.