Қызылордада студенттер пікірсайысы өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылордада облыс әкімі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының Кубогы үшін республикалық пікірсайыс мәресіне жетті.
None
None

Оны облыстық ішкі саясат басқармасы және «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Пікірсайыс мақсаты - Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ел арасында насихаттау, бүгінгі жас ұрпақты егемендіктің тұғырын құрметтеуге баулу, ел ертеңіне үлес қосатын отансүйгіш патриоттарды тәрбиелеу.

Турнирде қазақ мемлекеттілігінің тарихы кеңінен қамтылып, ол бүгінгі күнгі жетістіктерімізге жалғасты.

Соңғы жаңалықтар