Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия кезекті отырысын өткізді

Оны облыс әкімінің міндетін атқарушы Мадияр Алдоңғаров жүргізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай облыстық кедендік бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайырбек Дүрменбаев хабарлама жасап, кеден ведомствосында сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бағытында қандай жұмыстар жасалып жатқанын әңгімелеп берді. Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің бастығы - Тәртіптік кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев Тәртіптік кеңестің жұмысы жайына тоқталды. 2010 жылы облыста сыбайластық сипаты бар 75 дерек тіркелген. Бұл 2009 жылға қарағанда мөлшердің 17 пайызға өсіп кеткенін көрсетеді.
Отырыста Қазалы ауданының әкімі Айтбай Көшербай мен Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Қамбар Мүбәраков көтеріліп отырған мәселе төңірегінде жасалып жатқан жұмыстарды баяндады.