Қызылордада сынып жетекші­лерінің форумы болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпаннның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Өткен сәрсенбі күні «Болашақ» универ­ситетінің студенттер сарайында облыстық білім басқар­масының ұйым­дастыруымен «Елбасы Жолдауының стратегиялық бағыттарындағы тәрбие жүйесінің жаңа мүмкіндіктері» тақыры­бында облыстық топ, сынып жетекші­лерінің форумы болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі саласын­дағы бақы­лау комитетінің бас са­рапшысы Қайыржан Рақым­жанов, министрліктің Балалардың құқық­та­рын қорғау комитетінің сарапшысы Данияр Мұх­таров, Ұлттық тестілеу орта­лығының бөлім бастығы Ба­қыт­жан Зайнуллин, «Нұр Отан» партиясының, об­лыстық ардагерлер кеңесінің мүше­лері, мәсли­хат депутаттары, аймақтық білім беру мекеме­лерінің басшылары және топ, сынып жетекшілері қатысты.

Форумда облыс әкімінің бірінші орынбасары Мадияр Алдоңғаров өткізіліп отырған шараның мән-мағынасына тоқталды.

Одан кейін облыстық білім бас­қармасының бастығы Жаңыл Жон­таева, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Абзал Мұхимов, облыс прокурорының аға көмекшісі Хади­ша Жұмағұлова, М.Мәметова атындағы гумани­тарлық колледждің директоры Әлима Әбдіха­лық­ова, облыстық балалардың құқықтарын қорғау депар­­та­ментінің директоры Арман Қаржау­баев, облыс­тық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Құдайбер­генов, ҚР Білім және ғылым министрлігі сала­сындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы Қайыржан Рақымжанов және басқалар үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым­дама­сының негізгі қағидаларын жүзеге асыру, оны одан әрі дамыту жол­дарын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар