09:04, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Қызылордада «Сыр елінің жаңа жұлдызы» атты байқау болып өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында «Сыр елінің жаңа жұлдыздары» атты байқау болып өтті.

Оған 16 талапкер қатысты. Көрермен алдында байқауға қатысушылардан бөлек Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев ән шырқап, кештің әрін келтірді.
Ал «Сыр елінің жаңа жұлдызы» деген атақты жас талапкер Саламат Әбутәліпов жеңіп алып, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің марапатына ие болды. Ал бірінші орынды Қайыржан Оспанов, екінші орынды Әсел Өтепова, үшінші орынды Бекзат Алдабергенов иеленді.
Байқауға қатысушыларға кеш демеушілері арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.