12:23, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Қызылордада тағы бір Диагностикалық орталық бой түзеді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада тағы бір Диагностикалық кеңес беру орталығы қатарға қосылды. Ол «Нова Диагностик» деп аталады. Оның ашылу рәсіміне «Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы» басқарма кеңесінің төрағасы Жұмабек Жанымқұлов пен «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев қатысты.
Бұл орталық магнитті-резонансты томография (МРТ) әдісімен жұмыс жасайды. Осы арқылы ағзаның жүйке жүйесін, онкологиялық және педиатриялық науқастарды зерттейді. Орталық меңгерушісі Ғалымжан Шабдаровтың айтуынша, томограф қазір күніне 20 науқасты қабылдап, тиісті диагнозын қойып бере алады.