Қызылордада Тәуелсіздікті ұлықтаған конференция болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығын ұлықтауға арналған тәжірибелік конференция болып өтті.
None
None

Конференцияны «Ұрпақтан - ұрпаққа» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Оған аға ұрпақ өкілдері, жастар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, қорлар мүшелері қатысты.

Конференцияда бірлестік төрайымы Алмагүл Божанова «Қоғамдағы отаншылдық идеологияны қолдау мен жастарды баулу - аға ұрпақ парызы» тақырыбында баяндама жасады. Жиында сөз алған соғыс және еңбек ардагері Ыдырыс Қалиев, еңбек ардагерлері Қуанышқали Шапшаңов, Жұпаркүл Иманбаева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Жақсыбек Егізбаев және басқалар ұрпақтар сабақтастығын қолға алған бірлестік жұмысына сәттілік тілеп, тәрбиелік маңызы бар шаралардың қажеттілігіне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар