Қызылордада темір тордың ар жағынан келгендерді өмірге бейімдеу жайын талқылаған жиын өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада облыс әкімінің міндетін атқарушы Мадияр Алдоңғаровтың басшылығымен қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды.
None
None

Бас қосуда жаза басып жаңылып, темір тордың ар жағында отырып келгендерді өмірге бейімдеу мәселесі талқыланды. Алдымен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Төлеміс Аманбаевтың хабарламасы тыңдалды. Ол өз сөзінде түрмеден жазасын өтеп шыққандарды өмірге әлеуметтік жағынан бейімдеу үшін ең алдымен оларды жұмысқа орналастыру жайын оңтайлы шешу керектігін айтты. Отырыста сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне аудандарда қызметтік баспаналар бөлу жөнінде де мәселе көтерілді. Осы жиынға қатысқан аудандар басшылары мұндай ғимараттардың берілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар