14:41, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Қызылордада Тіл мерекесіне орай «Тәуелсіз елім - тірегім» атты шара ұйымдастырылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы №6 лицейде Тілдер мерекесіне орай «Тәуелсіз елім - тірегім» деген тақырып бойынша мерекелік шара болып өтті.
Оған облыстық тілдер басқармасының, облыстық жастар орталығының өкілдері және №№6,7,9 лицейлерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Бұл шара аталмыш оқу орындары шәкірттері арасындағы интеллектуалды сайыс түрінде ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысында №6 лицей оқушылары бірінші орынды жеңіп алды. Онда өзге ұлт өкілдері ерекше белсенділік танытты. Жүлдегерлер тілдер басқармасының сыйлықтарына ие болды.