Қызылордада «Тіл үздіктері» облыстық байқауы болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет орталығында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл үздіктері» облыстық байқауы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған сан алуан саланың қызметкерлері қатысты. Көрермендерін қызықтырған байқауда номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Халыққа қызмет көрсету орталығының Сырдария аудандық бөлімшесі «Үздік бөлімше» атанса, №1 қалалық емхана «Үздік емхана», №1 бағыттағы №130 BLM автобусы «Үздік қоғамдық көлік», «Ақүйік» сауда орталығы «Үздік кәсіпкерлік нысан», «Қыз Жібек» мейрамханасы «Көңілден шыққан көркем атау», мектепалды даярлық шағын орталығы «Үздік балабақша» және №14 «Қазпошта» бөлімшесі «Үздік бөлімше» атанды. Байқау үздіктеріне сый-сияпат жасалды.

Соңғы жаңалықтар