Қызылордада төтенше жағдайлар департаменті мерекелерге орай салтанатты жиын өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылордада облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы «Отқа оранған өрендер» атты ескерткіш жанындағы саптық алаңда Отан қорғау күніне және Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.
None
None

Оған ТЖД қарасты бөлімшелер мен бөлімдер, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелер ұжымдары қатыстырылды. Сап түзеу салтанаты кезінде төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Е.Төлеужанов сөз сөйлеп, жиналғандарды аталмыш мерекелерге құттықтады.

Бұдан кейін сала ардагерлері шығып, жиылған жауынгерлер мен қызметкерлерді еліміздің шуақты мамыр мерекелерімен құттықтады. Шара барысында қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі, сонымен бірге қызметте озат көрінген әріптестерді марапаттау болды. Салтанат соңы отаншылдық бағыттағы маршқа жалғасты.

Соңғы жаңалықтар