Қызылордада «Тұрмағамбет» қойылымы көрерменімен қауышты

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иранбек Оразбаевтың «Тұрмағамбет» атты пьесасы бойынша сахналанған спектакльдің тұсаукесері болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Драманың негізгі оқиғасы өткен ғасырдың бірінші жартысында Жетісу мен Сыр өңірінде өрбиді. Оның басты кейіпкері - Сыр сүлейі, ғұлама ақын, әлемдік классикалық шығарма - Фердоусидің «Шахнамасын» қазақ тіліне аударған Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Автор жырау бала атанған кейіпкер арқылы ақынның қиын тағдырын, күйінішін жыр шумақтарымен төге жеткізген. Қызыл үкімет жендеттерінің ақынды таяқтап жатқан көрінісі жүрек ауыртады. Шырғалаң оқиғаның соңы шайыр өлімімен аяқталады. Спектакльдегі кейіпкердің «Халқым деп өлген қазақтың бәрі, тәуелсіздіктің құрбаны» деуі шығарманың басты мазмұнын айғақтап тұрғандай.

Қоюшы режиссер Хұсейін Әмір-Темір  оқиғаны ойлы қалпында жеткізуге талпынған. Басты рөлдегі Руслан Ахметов нанымды ойнайды. Қазақтың дәстүріндегі жоқтауды жан тебіренте созатын ақынның жары Биға рөліндегі Залифа Төлепова да сол зұлматты замандағы қазақ әйелінің образын аша алған. Дәл осы жерде сахнаны безендіруде суретші Серік Пірмахановтың еңбегін айта кеткен абзал.

Соңғы жаңалықтар