Қызылордада түйе палуандар арасында халықаралық турнир өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазан айының 14-16 аралығында Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының XI чемпионаты өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда,  8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. 

Жарыстың қорытындысы бойынша 55 келі  салмақта І орын   -  Абылайхан Кеулімжай (Жамбыл обл.), ІІ орын - Ербол Алдухан  (Алматы обл.),  ІІІ орындар - Дәулет Ниетбай (Алматы қ.) және Архат Қайырбеков (ШҚО).

60 келі салмақта І орын  - Олжасбек Ілесбеков (СҚО),  ІІ орын - Сағындық Әшім  (Астана қ.), ІІІ орындар - Әділбек Айтқали (Ақтөбе обл.), Райымбек Рантаев (Қызылорда обл.).

66 келі салмақта І орын  - Мейрбек Рахимов (СҚО), ІІ орын - Сұңғат Құмаров (ШҚО), ІІІ орындар - Қасымхан Туленбай (Алматы қ.), Әділет Шалғынбекұлы (Ақтөбе  обл.).

74  келі салмақта І орын   - Ғалымжан Абдрахманов  (Қызылорда обл.),     ІІ орын - Даврон Дадаев (Алматы обл.), ІІІ орындар - Ринат Махмутов (Жамбыл обл.), Данияр Темірханов (Астана қ.).

82 келі салмақта І орын  - Ақжол Рақымжанов (Қостанай обл.),  ІІ орын -  Еркінбек Бөлен (ОҚО), ІІІ орындар - Руслан Ізғалиев (Атырау обл.), Алтынбек Аусағитов (СҚО).

90 келі салмақта І орын   - Дархан Жамалхан  (ОҚО), ІІ орын  - Наурызбек  Өтеуов (Атырау обл.),  ІІІ орындар - Ерқанат Рыздық  (Қостанай обл.) және Шыңғысхан Жақып (Жамбыл обл.).

100 келі салмақта І орын   - Нұрым Сәлімгереев  (Қызылорда обл.),             ІІ орын  - Мақсат Исағабылов  (Қызылорда обл.) ІІІ орындар - Абай Ерболұлы   (Жамбыл обл.) және Жолдасбек Бектұрсынов (ОҚО.).

+100 келі салмақта І орын   - Еламан Ерғалиев  (Қызылорда обл.),            ІІ орын  - Айбек Қалибеков  (ШҚО),  ІІІ орындар - Нұрахмет Құралбай  (Астана қ.)  және Нұрғали Жолтаев (Алматы обл.).

Жарыстың «Үздік палуандары» - Нұрбек Дариялов (Қызылорда обл.), Жанкелді Өтегенов (Ақмола обл.), Ерназар Сіргебаев (ОҚО), Әлібек Қашықбаев (Жамбыл обл.), «Үздік төрешілер» - Қазыбек Науанов (Атырау обл.), Думан Қыздарбеков (ШҚО), Дархан Жоламанов (Павлодар обл.), Нұрлыбек Ермағамбетов (Астана қ.). 

Сондай-ақ,  23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында қызылордалық  Мақсат Исағабылов бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды шығысқазақстандық Айбек Қалибеков алса, қызылордалық Нұрым Сәлімгереев пен оңтүстікқазақстандық Жолдасбек Бектұрсынов үшінші орынды еншіледі. 

null null 

Соңғы жаңалықтар