Қызылордада үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның орындалуын саралаған конференция болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысына арналған конференция болып өтті.
None
None

Оны ашқан Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылу барысы, қабылданған бағдарламалардың маңызы туралы әңгімеледі.

Конференцияда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов жүзеге асырылған жобалардың облыс үшін маңыздылығын, әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізетін әсерін айтты. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Серік Сермағамбетов облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндама жасады.

Конференцияны «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев қорытындылады. Сондай-ақ, ол бірнеше кәсіпкерлерді «Атамекен» одағы палатасының атынан «Атамекен» медалімен және алғыс хатпен марапаттады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Қызылорда филиалының Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша өкілдері сайланды.

«Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы және Қызылорда облыс әкімдігі кәсіпкерлік саласын дамытуда өзара ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар