Қызылордада ұлттар достығы тақырыбына арналған фестиваль болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атын­дағы мәдениет үйінде «Мақсаттар бірлігі - рух бірлігі» атты фестиваль болды.
None
None

Шараға облыстағы этно-мә­дени орталықтардың жетек­шілері, кент арда­герлері мен мекеме, ұжым қыз­­меткерлері, мектеп мұға­лім­дері қатысты.

Ұлттар достығы тақырыбына арналған фестивальді облыстық ішкі саясат басқарма­сының бастығы Руслан Рүстемов ашты.

- Елбасының сара саясатының арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан игі істері басқа мемлекеттерге үлгі болуда, - деді ол.- Аймақтағы ұлттық мәдени орталықтар облыс өміріне белсене араласады. Бүгінгі достық мерекесі де жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір ұлттар арасындағы татулықты айғақтайды.

Жиында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшы­лығының меңгерушісі Асылбек Жұма­баев, Тасбөгет кенті ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Жұмабек Тәжімов, түрік мәдени-ұлттық орталығының төрайымы Гүлшін Гейдарова сындарлы уақыт тезінен өтіп, шыңдалған достықтың ұзақ жасайтынын тілге тиек етті.

Достық фестивалінің соңы этно-мәдени орталықтар мен жергілікті өнерпаз­дардың концертіне жалғасты.

Соңғы жаңалықтар