Қызылордада Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге құрмет көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылордадағы «Дидар» ресторанында Ұлы Жеңіс мерекесі құрметіне Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендерге арналып мерекелік дастархан жайылды.
None
None

Кеңес Одағы адамзатты алапат шығынға ұшыратқан осы қанды қырғында 27 млн. адамынан айырылды. Қаншама боздақ соғыс даласынан орала алмай, мәңгілік басқа жерлерде қалды. Олардың арасында қазақстандықтар, соның ішінде қызылордалықтар да аз болған жоқ. Ал елге оралғандардың да бүгінгі таңда барлығы дерлік бақилыққа аттанып, санаулы ғана өкілдері ортамызда жүр. Осы Ұлы Жеңіс қарсаңында тылда кемінде алты ай жұмыс жасаған 7338 ардагер бір реттік әлеуметтік көмекке ие болды. Бұл үшін облыстық бюджеттен 202 млн. теңге ақша қаралды. Сол сияқты 282 соғысқа қатысушы мен соғыста опат болғандардың қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне, жасөспірім кездерінде концлагерьлерде болғандарға денсаулықтарын түзету үшін бір реттік материалдық көмек беріледі. Мұндай жәрдемге сондай-ақ ерлікке толы еңбектері үшін КСРО ордендері мен медальдарын алған тыл еңбеккерлері мен қалтқысыз қызмет еткен әскери қызметкерлер де алады.

Мерекелік дастархан басында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кеңесбай Қалиев, Мағмура Сәлімова, Сергей Руденко сөз алып, жасалып отырған құрмет үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, жергілікті әкімдік қызметкерлеріне алғыс сезімдерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар