Қызылордада Ұлы жеңіске арналған «Ер есімі - ес есінде» атты жастар акциясы болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылордадағы «Тағзым» алаңында Ұлы Жеңіске арналған жастар акциясы болып өтті.
None
None

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда жастары» қауымдастығы ұйымдастырған бұл шара «Ер есімі - ел есінде» деп аталды.

Акция Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Содан соң ардагерлерді облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Руслан Рүстемов мерекелерімен құттықтады. Бұдан кейін Ұлы Отан соғысының ардагері Әбибулла Қоғабаев, «Қызылорда жастары» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Мәстеков мейрамға орай тілектерін білдірді. Соңы мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар