Қызылордада Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған мерекелік әскери шеру басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада Ұлы Жеңістің 66 жылдығы мерекесі биыл ерекше жағдайда аталып өтіп жатыр.
None
None

Мерекеге арналған алғашқы шара мамырдың 6-сы күні облыс орталығы көшелерінде жеңіл атлетикадан эстафета өткізумен басталды. Оған қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, мектептердің командалары қатысты. Осы күні Қармақшы ауданының орталығында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске түсіруге арналған самбо күресінен халықаралық дәстүрлі турнир басталды. Оның жүлдегерлері кеше кешке анықталды.

Ал бүгін таңертең қаланың «Тағзым» атты орталық алаңында Ұлы Жеңіске арналған мерекелік әскери шеру басталды. Шеру басталар алдында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен бүгінгі ұрпақ өкілдері мәңгілік алау жанында болып, осы жеңіс жолында құрбан болғандардың ескерткіш-мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Соңғы жаңалықтар