11:50, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Қызылордада «Ұлы Жібек жолы» атты журнал шыға бастады
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Ұлы Жібек жолы» атты жаңа журнал шыға бастады.

Бұл қоғамдық-ұлттық сипаттағы басылымның қолға тиген бірінші нөмірі осы өңірдегі көне қалалардың бірі Сауран туралы деректерді, қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов пен кезінде облысты басқарған толымды тұлғалардың бірі Мұстахым Ықсанов туралы материалдар ұсынған. Бұдан бөлек өңірде жұмыс жасап жатқан «КОР», «Аккорд-Окан», «Дорстрой» секілді компаниялар жайлы да мәліметтер берілген.
Журналдың бас редакторы Өлмесхан Болатбеков кезінде Ұлы Жібек жолының өтінде болған Сыр елінде ақындар мен ойшылдардың көп тұрғанын айта келіп, олардың өшпес мұраларын қазіргі оқырманға жеткізе берудің артықтық етпесін айтады.