Қызылордада ұмыт қалған ұлттық тағамдарды жаңғыртудан байқау өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада ұлттық асханасының ұмыт қалған әрі қазіргі заманға лайықтандырылған тағамдарынан байқау өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақ ұлттық дәстүрлерді сақтап қалу, сонымен қатар әйелдерді «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға дайындау мақсатында қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған әрі қазіргі заманға лайықтандырылған тағамдарының және «Нео-фольклор» киімдер дизайнерлерінің республикалық конкурстарының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.  

Шара ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен өтті.

Ұмыт қалған ұлттық тағамдар конкурсының жеңімпазы «Қыз Жібек» мейрамханасы; 2 орынды Жалағаш ауданы Бұқарбай ауылының «Балдырған» балабақшасы, 3 орынды Қазалы ауданы «Наурыз» мейрамханасы иеленді.

Ұлттық киімдер конкурсының жеңімпазы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті Л.Шілдебаева, 2 орын - Сырдария ауданы №210 орта мектеп Г.Досмағанбетова; 3 орын - Жалағаш ауданы №246 орта мектеп А. Қанатбаева.

Соңғы жаңалықтар