11:37, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Қызылордада үш жақты көлік соғысының салдарынан бір адам мерт болды
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада үш жақты болған көліктер соқтығысы салдарынан бір адам қаза тапты,

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Алдымен қаладағы Әуезов көшесі бойында қатты жылдамдықпен келе жатқан «Фольксваген» және «Ауди-80» көліктері бір-бірімен бетпе-бет соғысқан. Сол жерде оларға үшінші машина - «Ауди-100» маркалы көлік келіп ұрған. Нәтижесінде ең бірінші машинаның жүргізушісі мен сонда отырған жолаушы ауыр жарақат алып, ауруғханаға жеткізілген. Сол жерде өкінішке қарай, түнге қарай жолаушы көз жұмды.
Өткен аптаның ішінде облыс бойынша 2427 жолда жүру ережесінің бұзылғаны анықталды. Бұлардың арасында 39 жүргізушінің көлікті спиртті ішімдік ішіп алып жүргізгендері белгілі болды.