Қызылордада веложарыстан әлем чемпионы М.Сатыбалдиев турнирі өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласында велоспорттан әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесіне арналған 1995-1996 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық веложарыс болды.
None
None

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарынан 12 команда, 109 велошабандоздар қатысты.

Жарыс 4 кезеңде өтті. Оның мақсаты облыста велосипед спортын жандандыру, жасөспірімдердің спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, талантты спортшыларды анықтау, облыс құрама командасын құру болды.

Турнирдегі 50 шақырымдық бірінші кезеңнің топтық жарысында Алматы облысының өкілі Ғалым Ахметов, 25 шақырымдық екінші кезеңнің командалық жарысында құрамын Ғалым Ахметов, Матвей Красюков, Алексей Горбунов, Андрей Тараскин құрайтын Алматы облысының құрамасы. 70 шақырымдық үшінші кезеңнің жарысында қызылордалық Нұрымжан Аманов бірінші орындарды жеңіп алды. Бұдан бөлек 30 шақырымдық төртінші кезеңнің критериум жарысында қызылордалық Әзен Мәди алдына жан салмады.

Жекелей сында бірінші орынға - Ғалым Ахметов, екінші орынға - Алексей Горбунов үшінші орынға Вадим Николаенко ( бәрі де - Алматы облысынан) орналасты. Ал жалпыкомандалық есепте Алматы облысының командасы бірінші, Оңтүстік Қазақстан велошабандоздары екінші, Қызылорда құрамасы үшінші орындарды еншіледі.

Жарыста «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесімен Шахназар Мамутов ( Алматы облысы), «Ең жас велошабандоз» жүлдесімен Асылхан Тұрар (Қызылорда), «Белсенді велошабандоз» жүлдесімен Елжан Зұлқаш (Батыс Қазақстан облысы) марапатталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум