Қызылордада веложарыстан М.Сатыбалдиев жүлдесі үшін республикалық жарыс өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылордада велоспорттан әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесі үшін 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық көпкүндік веложарыс аяқталды.
None
None

Алдымен 50 шақырымдық топтық жарыс болды. Онда Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Влад Маховиков топ жарды. Ал 25 шақырымдық командалық жарыста 1-орынды Талдықорған қаласының велошабандоздары алды. Одан кейінгі 70 шақырымдық топтық жарыста Влад Маховиковке тағы тең келер ешкім болмады. Астананың атынан сынға түскен Эдуард Розенберг 25 шақырымдық сында мәреге бірінші жетті.
Жекелей сында 1-орын алматылық Әділ Оразбаевтың еншісіне тисе, жалпыкомандалық жеңіс те алматылықтардың есептеріне жазылды. Жарыста «Ең жас велошабандоз» аталымы бойынша Максим Максимов (Алматы), «Ең белсенді велошабандоз» аталымында Розенберг Эдуард (Астана) және «Жеңіске деген жігері үшін» аталымында Дінислам Өмірбек (Қызылорда) марапатталды.
Сонымен қатар, әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиев жас өрен Дінислам Өмірбекке спорттық форма табыс етті.
Жүлдегерлер мен аталымдар иегерлері дипломдармен, кубокпен және медальдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар