Қызылордада зағип жандарға Елбасы Жолдауы насихатталды

Б.Күзембаева Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауын оқырмандарға кеңінен насихаттап, басым бағыттарына түсіндірме жасады, -деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Облыстық зағип жандарға арналған кітапхананың кітапханашысы П.Қошқарова мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпараттық-технологиялық сауаттылығын көтеру, оларға «Электронды әкімдік» бағдарламасын қолдануды үйретудің жолдарына тоқтала келіп, өзінің жүрекжарды жырларын тебірене оқыды.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дайындалған сый-сияпаттарын табыстап, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді және оған зағип жандардың атынан С.Шайыхов өзінің алғысын жеткізді.
Кештің соңы аудандық мәдениет Орталығы дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, әнші Г.Досан, М.Әділ, Ж.Құтмахановтар ән мен жырдан шашу шашты.