Қызылордада жалғызбасты жандарға жәрдем берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қалалық жұ­мыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлі­мінде бөгде адамның көме­гіне мұқтаж 206 жалғызбас­ты қарттар есепке алынған. Олардың 49-ы мүге­дек болса, 157-сі жасына байла­нысты зейнеткерлер.
None
None

Жалғызбасты жандарға аптасына кемінде екі рет кесте бойынша азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп беріледі. Сондай-ақ пәтерлеріне тазалау жұмыс­тары жүргізіледі. Сонымен бірге комму­налдық төлем­дерін төлеп, емханаларға апаруға бөлімшеге бекітілген 28 әлеу­меттік қызметкерлер көмек қолын созуда. Қарт кісілердің үйлеріне жеңіл жөндеу, әктеу, сырлау, қысқы жылуға дайын­дық жұмыстары тұрақты түрде көрсетіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар